Windows эволюциясы туралы не білуім керек

Обновлено: 04.07.2024

3. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау.

Көрнекілігі: оқулық, компьютер, интербелсенді тақта, кесте.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Терезе дегеніміз не?

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Интерфейс дегеніміз не?

Windows ОЖ-нің құрамына қандай стандартты программалар кіреді?

Стандартты программаларға қатынау үшін қандай әрекеттерді орындау керек?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі

Ақпараттық технология дегенді қалай түсінесіңдер?

Ақпараттық технологиялардың құралдарына қандай құралдар жатады деп ойлайсыңдар?

Ақпараттық төңкерістер дегенді қалай түсінесіңдер?

IV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты теория түрінде түсіндіру

Ақпараттық технология түсінігі

Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті.

Ақпараттық технология құралдары

Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.

Ақпараттық технология жабдықтары

Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.

Ақпараттық технологиялардың түрлері

Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.

Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты.

Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді.

Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды.

6.Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:

Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.

Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.

Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.

Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Операциялық жүйе (ОЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы. ОЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Операциялық жүйелер (ОЖ) – бұлар кез келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын, қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ – қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:

* Базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;

* Командалық процессор – бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;

* Сыртқы құрылғы драйверлері – бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамтамасыз етіп отырады (әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әр түрлі және ерекше темпте өңдейді).

* Қосымша сервистік программалар (утилиттер) – пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан-жақты және ыңғайлы етеді.

ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел есте сақтау құрылғысында (ЖЕСҚ) орналасуы керек. Сондықтан операциялықжүйеден ЖЕСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖЕСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ні жүктемелеудің келесі сатыларын тізбектей орындау керек.

ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы.Компьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ-тұрақты жады, ROM – Read Only Memory-оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы және компьютер блоктарын тестілеупрограммалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала токтың бірінші импульсімен орындала бастайды. Өйткені ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады. Бұл сатыда процессор дискіге қатынасадыда, анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖЕСҚ-да оқылады да оған басқару беріледі.

ОЖ-ні жүктемелеудің екінші сатысы.Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-нің базалық модулін іздейді де, оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.

ОЖ-ні жүктемелеудің үшінші сатысы.Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-нің қалған модульдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.

Ескерту. Командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖЕСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Осының арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.

ОЖ-нің бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі. Олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), поцессор типі, сондай-ақ ЖЕСҚкөлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында

пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қазіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Мұндай сапалы Microsoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS-DOS. Бұл ОЖ-нің қазіргі дербес компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар.Олар:

* Каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;

* Компьютер құрылымының модульдік принциптік қолдану әр түрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);

* Пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.

IBM-PC типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:

2. MS-DOS – ортасындағы Windows 3.1.

3. Windows95, Windows98/NT, UNIX, OS/2 т.б.

ОсыаталғанОЖ-ден 1992 жылышығарылған Microsoft фирмасы DOS операциялықжүйесінөңдеген, программистерменқолданушыларғаөтекеңкөлемдегімүмкіншіліктерменқолайлықтарбароперациялықжүйе. Windows-тың кеңінен қолданылуы IBM-PC – сәйкескомпьютерлерініңстандартыболыптабылады. Windows файлдармен, дискілермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар Windows ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.

1985 жылы Microsoft фимасы Windows графикалықоперацияларжүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясыншығарған 3.0 версиясынанбастап Windows-тыңкеңіненқолдануыарқасында, ол IBM тектескомпьютердіңстандартыболыптабылады.

Windows-тедискіменжұмысістеужүйесінеерекшекөңілбөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейсконтроллерлерібар.

Windows терезесі.Windows-тыңкезкелгентерезесіэкранныңтөртбұрыштыаймағыболыптабылады. Терезеніңортасындатерезеніңатыжазылады, алоңжәнесолбөліктеріндежүйелімәзірдіңжинақтаужәнеашубатырмаларыбар.

Жұмыстыаяқтау. Windows-тажұмыстыаяқтауүшінбарлықбелсендіқосымшалардытоқтатыптерезелердіңбарлығынжауыпSHUTDOWNутилиттерінпайдаланукерек. Олжұмыстыаяқтаудыңқарапайымсұхбаттерезесінашады:

Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.


Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады. [1][2]

1 Эволюция ұғымы, оның бағыттары

2 Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

3 Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы

4 Пайдаланылған әдебиет

Эволюция ұғымы, оның бағыттары[өңдеу]

Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.

2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.

3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.

4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Сендерге ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Сендер тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келгені туралы бұрыннан білесіңдер. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы да сендерге мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалғаи жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.

Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды. Биологиялық алға басу (прогресс) дегеніміз - дарақтар санының, жүйеленген. сан алуандыцтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.

Мәселен, тірі ағзалар тобы, әр түрлі уақыт аралығында биологиялық алға басу ретінде де, биологиялық кері кету ретінде де өмір сүре алады. Жорғалаушылар мезозой дәуірінде үстемдік етсе де, соңынан сүтқоректілерге, бунакденелілер мен құстарға орын берді. Алға басу үдерісінің жолдары да әр түрлі болады. Ағзалардың біреуі жоғары сатыға көтеріліп, бұрынғысынан күрделілене түседі. Сөйтіп құстар мен сүтқоректілер де биологиялық алға басуға жетті. Ал оған керісінше, езге ағзалар қарапайымдалып, бірсыпыра маңызды мүшелерін жоғалтты. Бұл түрлер паразиттік жолмен тіршілік ете бастағанда байкалады. Кейбір құрттар (эхинококк (жылауық), ішексорғы (аскарида) және т.б. және бунакденелілер (бітелер, көдімгі және төсек кандалалары) осындай жолдан өтті.

Бізге органикалық өлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па беймәлім. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашкан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы. Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері (предшественник) деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығьш, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудід негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді. К. Линней ағзалардың косарланған атауын - қосарлы атаутізімді ғылымға енгізді. Бұл екі сез, оның біреуі сын есім - түрді, екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және қандауыртөріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл дүние жүзі ғалымдарыньщ бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді. Линнейдің тағы бір еңбегі, ол «түр» ұғымын айқын қисындап мазмұндады және оның анықтамасын морфологиялык өлшем негізінде, яғни сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы бойынша жетілдірді. К. Линней адамды адамтәріздес маймылға (құрылысының ұқсастығын басшылыкка алып) жатқызса да эволюцияның болу мүмкіндігін ойламады. Линней: «жүйедегі жақындық қандас туыстыкты білдірмейді» деді. К. Линней эволюция мәселелерімен шұғылданған жоқ. Ол идеалист, метафизик болды, сондай-ақ «жаратылған күннен бастап» тіршіліктің езгермейтініне сенді. Линнейдін, сыртқы ұқсастыққа ғана негізделген жүйесінде толып жатқан қателіктер болды және кәбі жасанды еді. Алайда соның өзі өз заманы үшін ең жақсысы болғандықтан, Карл Линней ғылым тарихына жуйелеу атасы ретінде енді.

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Биологияда XVII ғасырдын, өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы түтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі біюлогияда эволюциялың тірсініктердің басымдыығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едөуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға (жөндіктерге) бөлді. Жөндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бакалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және кантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі езгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінін, қай жаққа өзгеруі қажеттіғін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи жағдайлардың езгеруімен бірге тірі ағзалар да езгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаныд бойына жетілуге ұмтылуды, жаксырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғаньш ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырьш алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз үзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпак берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машыктанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мелшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенднен мойындамаса да, шынында төңкеріс жасағаньш естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сиякты көрінді.

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі.[3]

Қазақ энциклопедиясы, 10 том;

Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4

Windows Операциялық жүйесі Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше көп қолданатын версияларын қарап шығайық. Windows NT (NT — англ. New Technology) — бұл жай графикалық қабықша емес, ол операциялық жүйе. Дербес компьютерлердің жаңа модельдерінің мүмкіншілдіктерін қолдананады және DOS жүйесінсіз жұмыс істей алады. Windows NT — 32-разрядты ОЖ. Ол қолданушыларға көп міндетті атқаратын, көп процессорлық қолдау, құпиялық, деректерді қорғау және т.б. қамтамасыз етеді. Windows 95 универсальды жоғарғы өнімді көп міндетті атқаратың және көп үздіксіз 32-разрядты кең таралған желілік мүмкіншілігі бар және графикалық интерфесі бар операциялық жүйе. Windows 95 — жеке бағдарламалар арсындағы ақпараттармен алмасуды іске асыратың және мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео ақпаратттарды өндеу, мультимедиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолданушыға қамтамасыз ететін интеграцияланған орта. Windows 95-тің қолданушы интерфейсі өте тиімді және қарапайым. Windows 3 қабықшасына қарағанда бұл операциялық жүйе компьютерде операциялық жүйе DOS-ты қажет етпейді. Ол ДК немесе Pentium-ге арналған. Жедел жадының көлемі 32—128 Мбайт болу қажет. Компьютерді қосқаннаң кейін және BIOS мәтіндік бағдарламаларды қолданған соң Windows 95 операциялық жүйесі автоматты түрде қатты дисктан еңгізіледі. Windows 98 -бен Windows 95-тің айырмашылығы: Windows 98 операциялық жүйесінде Internet Explorer браузерімен біріктірілген және Web-браузер түрінде жасалған. Windows 2000 Professional — әр түрлі компьютерлерде- портативтіден бастап серверліге дейін қолданылатың жаңа ғасырдың операциялық жүйесі. Интернетте коммерциялық әрекеттерді жасау үшін тиімді операциялық жүйе. Windows CE 3.0 — операционная система для мобильды есептеуіш құрылғылар үшін қолданылатын операциялық жүйе мысалы, қалталық компьютерлер, цифрлық ақпараттық пейджерлар, мобильды телефондар, мультимедиялық және DVD құрылғылары Windows CE операциялық жүйесі—ашық архитектурасы бар, көптеген құрылымдарды қолдануға мүмкіндік беретін, 32-разрядты, көп міндетті атқаратың , көп үздіксіз операциялық жүйе. Windows CE тұтас, бірақ жоғарғы өндірімді. Бұл бірлеспроцессорлардың бірнеше маркаларымен және өндірушілермен жұмыс жасайтың мобильдік жүйе. Операциялық жүйе дегеніміз — компьютерді басқару мен информация сақтайтын, барлық компьютерге қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютерге қажетті компоненттер болып табылады. Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге арналған ең кең тараған перациялық жүйе. Windows-ты танымал қыллған оның артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады: Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас); Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы; Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы: Windows-тың тарихы мен дамуы.Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ. Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ. 1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады. Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды. Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады. 1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.

Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты. Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды. Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді. Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.

Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды. Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты. Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған. Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.

Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды. Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс. Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ 1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан ол жөнінде қиындық болмайды.

Читайте также: